Тұрақты даму

Тұрақты өзгеріп отыратын нарықтық жағдайларда дамудың орнықтылығын нығайту, сол арқылы бәсекелестік артықшылықтарын арттыру өте маңызды. Біздің компания үшін ESG маңызды бағыттары қауіпсіздік, қоршаған ортаға қамқорлық, корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік болып табылады. Astana Railways Қазақстан Республикасында қабылданған экологиялық ережелер мен стандарттарды, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау саласындағы ережелерді ұстануға міндеттеме алды. ASTRA үздік әлемдік тәжірибелерге бағдарлана отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді жалғастыруда. Біздің әлеуметтік бағдарламаларымыз іскерлік әдеп, қызметкерлерді оқыту, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы міндеттерді шешуге бағытталған.

ҚОРШАғАН

ОРТАНЫ қОРғАУ

Компанияда жүйелі түрде экологияға әлеуетті түрде ықпал ететін өндірістік қызметтің барлық факторлары жүйелі түрде анықталып, талданып, бағаланып отырады. Компания кәсіпорынның қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету және оның алдын алу үшін әзірленген ҚР СТ ISO 14001-2016 экологиялық менеджмент жүйесінің ережелерін ұстанады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН БАҒДАРЛАМАЛАР

Компания сәйкес экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ететін бекітілген саясаттар мен бағдарламаларды басшылыққа
алады. Біз компанияның қоршаған ортаға әсерін төмендету жөніндегі мақсаттарды ресми түрде ғана сақтау шеңберінен белсенді шығып жатырмыз. Біздің бастамаларымыз маневрлік локомотивтер үшін қолданылатын инновациялардың тұрақты мониторингі, сонымен қатар электр қуаты, бензин мен материалдар шығынын төмендетуге бағдарланған тұтынысты қысқарту бағдарламасын қамтиды.

ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫ БАСҚАРУ

Біз өз шығарындыларымызды бақылап, тіркейміз және шығарындыларды қысқарту бағдарламасын жүзеге асырамыз.

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ

Біз аккумуляторларды қайта өңдеуге және басқа да аралас қалдықтарға бағдарланған қоқысты жинау мен қайта өңдеу бағдарламасын жүзеге асырамыз.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР ТІЗІЛІМІ

Компанияда экологиялық тәуекелдер тізілімі әзірленген, ол ұдайы қайта қаралып отыруы тиіс. Тәуекелдерді басқару бағдарламасы оқыс оқиғаларды басқару саясаты мен рәсімдерін қамтиды.

ІШКІ БАҚЫЛАУ

Біздің экологиялық бағдарламамыз белгіленген экологиялық саясаттар мен рәсімдердің сақталуын мерзімді түрде тексеріп отыруға бағытталған коммуникацияларды, білім және ішкі бақылау жүйесін қамтиды.

СЕРТИФИКАТТАУ

Біздің компанияда темір жол инфрақұрылымын пайдалануға экологиялық менеджмент саласындағы ISO сертификаты бар.

ҚАУІПСІЗДІК

ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

Astana Railways өз қызметінің әсеріне түсуі мүмкін қызметкерлер мен басқа да адамдардың денсаулығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты. Компания өзіне ҚР СТ ISO 45001-2019 ЕҚжДС ережелерін ұстануға міндеттеме алды, олардың міндеті денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді нәтижелі ескерту және қорғау шараларының көмегімен азайту, жұмысқа байланысты жарақаттарды немесе денсаулықтың нашарлауын болдырмау, сондай-ақ қызметкерлерді қауіпсіз және денсаулық үшін қолайлы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

Компания еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі саласындағы саясатты қабылдады, оның шеңберінде мынадай шаралар жүзеге асырылады:

Мүдделі тараптармен жұмыс қызмет көрсетудің жоғары сапасын және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қабылданған шарттық міндеттемелер үшін жауапкершілікті барынша қамтамасыз етуге негізделген өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделеді.
Денсаулық сақтау және қауіпсіздік пен денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету саласындағы озық тәжірибелерді ұстану есебінен қызметкерлер жұмыс орнында жарақаттар мен оқыс оқиғалардың болмауына қол жеткізеді.
Өндірістік процесте жұмыс істейтін мамандардың тиісті біліктілік деңгейін қолдау.
Тұрақты кешенді өндірістік бақылау.

ҚТ және ЕҚ

Жүйесінің негізгі
элементтері

ТЕХНИКАЛЫҚ АУДИТ

Технологиялық процестерді жоғары беделге ие техникалық аудиторлар командасы ұдайы тексеріп отырады.

БІРЫҢҒАЙ ФОРМАЛЫ КИІМДЕР МЕН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР

Біз өз қызметкерлерімізге бүкіл қажетті бірыңғай формалы киімді және олардың қауіпсіз жұмысына арналған құрал-сайманды ұсынамыз.

ЛОКОМОТИВТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Біз өз маневрлік локомотивтерімізге техникалық қызмет көрсетудің белгіленген жоспарын орындаймыз, олардың техникалық тексеруін күнделікті жүргізіп отырамыз. Тепловоздарға қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін оларды арнайы техникалық комиссия қабылдайды.

ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА ОҚЫТУ

Компания өз қызметкерлері үшін техникалық оқу және ҚТ жөніндегі бағдарламаны жыл сайын қабылдап отырады, ол ішкі және сыртқы сарапшылардың басшылығымен екі апталық тренингтерді қамтиды.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ

Локомотивтердің машинистері өз жұмыс ауысымы басталар алдында және кейін күн сайын медициналық тексеруден өтіп отырады.

АВТОМАТТАНДЫРУ

Локомотивтер бейне камералармен және GPS-трекерлермен жасақталған, тұрақты бейне бақылау жүргізіледі, біздің локомотив операторларымызбен радиобайланыс жүргізеді.

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ БРИФИНГТЕР

Біз жұмыс ауысымы басталар алдында өзіміздің оперативтік топтарымыз үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі күнделікті брифингтерді ұйымдастырып отырамыз.

ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ

Біз күнделікті өз локомотивтеріміз бен пайдаланушылық жайларымызды тазартып, зарарсыздандырып отырамыз.

ӘЛЕУМЕТТІК

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Astana Railways мүдделі тұлғалармен қарымқатынасты Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен іскерлік мінез-құлық тәжірибесі негізінде құрады. Компания Іскерлік этика кодексін әзірледі, ол компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мінез-құлық нормалары мен негізгі қағидаларын белгілейді, компанияның ішіндегі қарым-қатынас қағидаларын, сонымен қатар мүдделі тұлғалармен қарым-қатынас қағидаларын белгілейді. Компания өз қызметінде адалдық, парасаттылық, адамдарға деген сый-құрмет, өзара көмек және сенім сияқты негізгі корпоративтік құндылықтарды басшылыққа алады.

Біздің адамдар – біздің басты активіміз. ASTRA командасы 400-ден астам қызметкерлерді қамтиды, олардың орташа жасы 29 жас. Біз дарынды адамдарға инвестициялаймыз және мұқият іріктеу, басшылық пен қызметкерлерге арналған кеңейтілген білім беру бағдарламалары арқылы өз кадрларымызды дамытып, оларды түрлендіріп отыруға ықпал етеміз.

БІЛІМ

Біз өз қызметкерлеріміз үшін жыл сайынғы білім беру бағдарламамызды әзірледік, ол техникалық тренингтерді және қарым-қатынас дағдысына оқытуды қамтиды. Ағымдағы кәсіби білімге қосымша біз команданы басқару, ынтымақтастық, өзін-өзі басқару, жанжалдарды басқару жөніндегі тренингтерді өткіземіз.

ДАМЫТУ

Компания басшылығы Германияда, Израильде, Бельгия мен Ұлыбританияда даму жөніндегі халықаралық тренингтерді үнемі өткізіп отырады. Біздің топ-менеджерлеріміздің МВА және АССА дипломдары бар.

ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕМІ

Біз өз қызметкерлеріміздің табысын нарық ауқымы бойынша анағұрлым жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін жыл сайын жалақы пакеттерінің жыл сайынғы бенчмаркингін өткізіп отырамыз.

КОММУНИКАЦИЯ

Біз қарым-қатынасқа арналған ашық форумды ұйымдастыру үшін және қызметкерлердің сұрақтарына қатысты компания қызметінің негізгі бағыттары бойынша толық кері байланысты жинау үшін қызметкерлердің акционерлермен және топ-менеджерлермен кездесулерін үнемі өткізіп отырамыз.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Біз өз қызметкерлерімізге әртүрлі әлеуметтік жеңілдіктерді, сонымен қатар тегін көлік пен тегін жеке медициналық қызметтерді ұсынып отырамыз. ASTRA барлық қызметкерлерін Interteach медициналық компаниясы сақтандырады. Біздің әлеуметтік пакетіміз қазіргі және зейнетке шыққан қызметкерлерге әртүрлі ерікті төлемдерді қамтиды.

СПОРТ

Салауатты өмір салтын насихаттау компанияның басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Қызметкерлер арасында жиі волейболдан, үстел теннисінен жолдастық матчтар өткізіліп отырады. Қызметкерлердің балалары үшін заманауи шахмат клубы ұйымдастырылған, оған жеңілдетілген бағамен баруға болады.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Компания республикалық маңызы бар іс-шараларды өткізуге белсенді атсалысады, балалар үйіне, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектеседі, қиын өмірлік жағдайға тап болған қызметкерлерді қолдайды.