
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
Astana Railways өз қызметін Қазақстан Республикасының көлік нарығында 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырып келеді.
Ол темір жол көлігі саласында кешенді көлік-логистикалық, сервистік және өндірістік қызметтерді көрсетуге маманданған.
Өз локомотив паркі, өндірістік-жөндеу кешендері, темір жолдары Компанияға тартымдық жылжымалы құрамды жөндеу және оған қызмет көрсету, темір жол құрылысы, оларды күтіп-баптау және жөндеу саласында қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Компанияда көлік саласында жұмыс тәжірибесі мол 400-ден астам біліктілігі жоғары маман жұмыс істейді. Клиенттік базасы 700-ден астам компаниядан құралады.
Astana Railways – Қазақстанда ең заманауи автоматтандырылған жүйесі бар компания, бизнес-процестері ең соңғы үлгідегі ІТ-технологияларды пайдалана отырып бірыңғай автоматтандырылған циклға тізбектелген.
Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп жұмыс жүргізеді.
РЕБРЕНДИНГ 2022
ASTRA брендімен Astana Railways-те АЖДХ ребрендингінің мақсаты – компанияның сақтап қалу және жетістіктерін молайту, қабылдануын жақсарту және Астана қаласы мен Қазақстан Республикасының темір жол кірме жолдарында вагондарды беру және алып тастау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын локомотив тартымының операторы ретіндегі танымалдылығын арттыру.
Брендті әзірлеумен «Казахстаника» ұлттық брендинг агенттігі» айналысты. Оның алдына салада бірегей болып табылатын атауды, темір жол жүк тасымалы саласындағы қызметтерді тұтынушылар және кәсіби қауымдастық өкілдері үшін түсінікті болатын ықшамды, қазіргі заманға сай, бизнесті тұрақты дамыту трендтеріне үйлесімді ене алатын визуалды символиканы ұсыну міндеті қойылды.
Логотипті құрастыру үшін халықаралық іскерлік қатынасы ретінде ағылшын тілі таңдап алынды. Визуалдау жағынан логотип екі: графикалық – ASTRA (ASTana RAilways) аббревиатурасын білдіретін блоктан және толық атауының мағынасы ашылған мәтіндік блоктан құрылды.


Корпоративтік стиль жөніндегі нұсқаулық
Бұл жерде сіз логотипті, корпоративтік стильдің негізгі элементтерін және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты жүктеп ала аласыз.