Біздің компаниямыз өз қызметін Қазақстан Республикасының көлік нарығында 20 жылдан астам уақыттан бері атқарып келеді және кешенді көлік-логистикалық, сервистік және темір жол көлігі саласындағы өндірістік қызметтерді көрсетуге маманданған. Astana Railways-ң өз локомотивтер паркі бар, бұдан басқа, Астана қаласындағы өз жөндеу депосының базасында тартқыш қозғалмалы құрамды жөндеу мен оған қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды атқарады. Компанияның жобалау-құрылыс бөлімшесі зерттеу және жобалау жұмыстарын, темір жолдарды салу және жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады, оларды ағымдағы күтіп ұстау қызметтерін көрсетеді. Astana Railways-да Қазақстандағы ең заманауи автоматтандырылған жүйелердің бірі бар, Компанияның бизнес-процестері заманауи технологияларды пайдалана отырып, бірыңғай автоматтандырылған цикл түрінде құрылған.