Аутсорсингке берілетін локомотив

Қызмет өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін арнайы әзірленген және Astana Railways-ң орындауына зауыт ішіндегі темір жол логистикасын орындауға табыстауды қарастырады.

«Келісімшарт шебері» немесе «Аутсорсингке локомотивтік тартқыш» қызметі кәсіпорындарды бейінді емес функциялардан босатады, темір жол шаруашылығын және көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау шығындарын қысқартады, сервистік қызмет көрсету сапасын арттырады.

Astana Railways экипажы бар (экипажы жоқ), ЖЖМ бар (ЖЖМ жоқ) маневрлік тепловоздарды жалға береді. Компанияның меншікті балансында шамамен ТЭМ сериясындағы 30 бірлік заманауи маневрлік тепловоздар, сонымен қатар заманауи ТЭМ-18ДМ бар.

Тепловоздарға ұдайы ТҚК барлық қажетті түрлері көрсетіліп отырады және олар қауіпсіздік және техникалық жәй-күйі жөніндегі талап етілетін стандарттарға сәйкес жоғары техникалық деңгейде сақталады. Барлық машиналар отын шығынының датчигі орнатылған GPS-пен жабдықталған.

Жоспарлы техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеулерден өткен манервлік локомотивтер қауіпсіздік аспаптарымен жасақталған, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ортақ пайдаланудағы жолдарына шығуға құқылы.

ЛОКОМОТИВТЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР

2019 – «Light Way Solution» ЖШС (Алматы облысы, Алтынкөл ст., «Қорғас» ШЫХО)

2020 – «ПО Кокшецемент» ЖШС (Ақмола облысы, Айсары ст.)

2021 – «Угольный ресурс» ЖШС (Ақмола облысы, Қоржынкөл ст.)

2021 – «Altynex Company» АҚ (Ақтөбе облысы, Жем ст.)

2021 – ГРЭС-1 (Екібастұз қ., Павлодар облысы)

2021 – «Шұбаркөл көмір» АҚ (Қарағанды қ., Қарағанды облысы)

2022 – «Қазфосфат» ЖШС (Тараз қ., Жамбыл облысы)

2022 – «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ филиалы – «Алексеев доломит кеніші» (Ақмола облысы, Алексеевка кенті)