Темір жолдарды жобалау, салу, жөндеу және ағымда күтіп ұстау

Компанияның жобалау-құрылыс бөлімшесі зерттеу және жобалау жұмыстарын жүзеге асырады, темір жолдарды салады және жөндейді, темір жолдарды ағымдағы күтіп ұстау қызметтерін көрсетеді. Заманауи материалды-техникалық құралдарға және жоғары білікті қызметкерлер штатына ие бола отырып, біз өз клиенттеріміз қойған міндеттерді сапалы әрі жедел шешеміз. Компания жобалау алдындағы өңдеу мен техникалық талаптарды алудан бастап, дайын нысанды салып, пайдалануға өткізе отырып, техникалық талаптарға ие болу мүмкіндігіне ие.

ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

Инженерлік-геодезиялық зерттеулер

Құрылыс-құрастыру жұмыстары, темір жолдарды салу және қалпына келтіру жұмыстары

Жобалау алдындағы және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу

Темір жолдарды жөндеу жұмыстарының барлық түрлері

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да темір жолдармен жанасудың техникалық талаптарына ие болу

Жанама құрылымдарды салу, жайғастыру және жөндеу

МАМАНДАРДЫҢ ШЫҒУЫМЕН ТЕМІР ЖОЛДАРҒА АҒЫМДАҒЫ КҮТІП ҰСТАУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ

Рельстік жолтабан параметрлерін бақылау

Ай сайынғы зерттеу және жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша құжаттама жүргізу

Ақауы бар бекітпелерді, бұрандамаларды, үлкен шегелерді ішінара ауыстыру

Бағыттамалық бұрмаларды бақылау және оларды техникалық жарамды күйде ұстау

Түйіспелік саңылауларды реттеу

Қажет болған жағдайда рельстік жолтабандарды қайта салу

Үлкен шегелерді қағу, шпалдың бекіткіш бөлшектерін және түйіспе бұрандарды тарту

Үлкен шегелерді қағу, шпалдың бекіткіш бөлшектерін және түйіспе бұрандарды тарту

Түйіспе бұрандардың бұралатын қосылыстарын, бекітпелерді және бағыттамалық бұрмаларды майлау

НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Әрбір жұмыс кезеңі белгіленген нормалар мен қағидаларға толық сәйкес түрде жүргізіледі. Темір жолдарды салу мен жөндеу жөніндегі барлық жұмыстар жеке меншік жол машиналарын, механизмдер мен қызметкерлерді тарта отырып орындалады.
Құрылыс жұмыстары мен жөндеу жұмыстары нәтижесінің жоғары сапасы кепілдік міндеттермен бекітіледі.
Қызметтердің кең шоғыры, сонымен қатар ортақ пайдалануға арналған кірме жолдар мен өнеркәсіптік темір жолдарды ағымдағы күтіп ұстау.

Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бұзушылықтарға қарсы әрекет ету және олардың алдын алуды қамтамасыз ету үшін компания құрылымында ревизорлық қызмет жұмыс істейді. Мамандар біздің жолымызды тексеріп, оның техникалық жәй-күйіне объективті баға береді, бұл алдағы пайдалану кезеңі ішінде темір жолды күтіп ұстау шығындарын анағұрлым егжей-тегжейлі жоспарлауға мүмкіндік береді.