Тепловоздарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Біздің кәсіпорын жұмыстарды Астана қ. меншікті жөндеу депосының базасында орындайды. Компанияның мамандандырылған жабдығы бар, ал білікті қызметкерлер штаты тепловоздардың сапалы ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
ЖӨНДЕУ ТҮРЛЕРІ
ТЭМ-2 (М, У, УМ), ТЭМ-18 және ТЭМ-18ДМ сериясындағы тепловоздардың ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары
Жеке тораптарды, агрегаттарды жөндеу, сонымен қатар дөңгелек жұптарын, гидроберілістерді, реверсивті редукторды жөндеу
Электрлік жетегі бар локомотивтердің дөңгелек жұптарын жұмырлау
Көтергіш механизмдерді пайдалана отырып, агрегаттарды құрастыру/бөлшектеу
Қызметтер
- Вагондарды беру-алып тастау/локомотивтік тарту қызметтері
- Тепловоздарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету
- Темір жол аутсорсингі және консалтингі
- Көлік-экспедиторлық қызметтер
- Темір жолдарды жобалау, салу, жөндеу және ағымда күтіп ұстау
- УСҚ кірме жолдары мен қызметтерін жалға алу
- Аутсорсингке берілетін локомотив
НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ КАДРЛАР
Astana Railways мамандарының ТЭМ-2(М, У, УМ), ТЭМ-18 және ТЭМ-18ДМ локомотивтерін жөндеу саласындағы тәжірибесі мол.
ҮНЕМДІЛІК
«Ұқыпты өндіріс» тұжырымдамасын іс жүзінде енгізу жөндеу жұмыстарының өзіндік құнын азайтады, өндірістік шығындарды қысқартады.
САПА
Astana Railways қазақстандық темір жолшылар үшін локомотивтерді жөндеу мен жаңарту нарығының барлық талаптарына сәйкес келетін заманауи шешімдерді ұсынады.
СЕНІМДІЛІК
Біз нұсқаулықтар мен басшылықтарға сәйкес өндіруші зауыттың түпнұсқа қосалқы бөлшектерін ғана пайдаланамыз, тапсырыс беруші алдында орындалған жөндеу жұмыстары үшін жауап береміз.