Сапа мен технологиялар

Сапа менеджменті жүйесі Astana Railways басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, ол өсу мен дамуға тұрақты негізді қамтамасыз етеді. Компания жеті қағидаға негізделген ҚР СТ ISO 9001-2016 сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды:

ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ

ЖЕТЕКШІЛІК

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТАРТУ

ПРОЦЕСТІК ҰСТАНЫМ

ҰДАЙЫ ЖАҚСАРТУ

ФАКТІЛЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МЕНЕДЖМЕНТІ

2021 жылы компания Сапа саласындағы саясатты қабылдады. Astana Railways келесі шараларды жүзеге асыруға міндеттеме алды:

Мүдделі тараптармен жұмыс қызметтердің жоғары сапасын және шарттық міндеттемелерді қабылдағаны үшін жауапкершілікті барынша қамтамасыз етуге негізделген өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделуі тиіс
Қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынас іскерлік беделін қамтамасыз етуге және әдеп нормаларына сәйкес болуға, достық қатынаста, іскерлік болуға және бөлімшелер мен қызметкерлер арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге, компанияның қойылған міндеттері мен мақсаттарының орындалуына ықпал етуге тиіс
Мүдделі тараптардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарын болжау, зерделеу және қанағаттандыру
Өндірістік процесте жұмыс істейтін мамандардың тиісті біліктілік деңгейін қол
Жоғары техникалық деңгейді ұстап тұру, жабдықтарды жаңарту
Тұрақты кешенді өндірістік бақылау

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Өндірістік процестерді ұдайы жақсартып отыру, технологиялық дамудың жоғары қарқынын сақтап қалу менеджмент жүйесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Меншікті технологиялық шешімдерді және ноу-хауды өңдеу компания жұмысының тиімділігін Қазақстанда баламасы жоқ жаңа деңгейге шығарады.

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі.

Пойыздардың сапалы, сенімді және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету Astana Railways үшін басым міндеттердің бірі болып табылады. Оны тиімді шешу үшін Компания инновациялық әзірлемелерді, заманауи әдістер мен технологияларды, сондай-ақ жаңа жабдықтарды енгізеді.

2016 жылдан бастап кәсіпорынға «Кайдзен» үнемді өндіріс технологиясы енгізіледі – өндірістен бастап жоғары деңгейдегі басшылыққа, директордан бастап қатардағы қызметкерге дейін үнемі жақсартып отыру.

«Кайдзен» мақсаты шығынсыз өндіру.

«Кайдзен» негізіне процестік ойлау жатқызылған, себебі процестерді жетілдіру нәтижені жақсартуға алып келеді. Қызметкерлердің, тіпті компанияға тікелей үнемдеу мүмкіндігін бермесе де, жұмыс барысын оңтайландыру бойынша әрекеттері жоғары бағаланады.

Кәсіпорында үнемді өндіру технологиясы шеңберінде 20-дан астам жоба іске асырылды. Негізгі жобалар «ТО-2 шеңберінде локомотивті жөндеу процестерінің тиімділігін арттыру», «5S жүйесі бойынша жұмыс орындарын тиімді ұйымдастыру», «Кәсіпорында үнемді LEAN өндірісін енгізу», «Хосин Канри (Hoshin Kanri)» және «Вагондарды берудің және алып тастаудың төлем құжаттарын құру процесінің тиімділігін арттыру» болып табылады.

«ТО-2 шеңберінде локомотивті жөндеу процестерінің тиімділігін арттыру» жобасының нәтижесінде ТО-2 процесінің тиімділігі бірінші кезеңде 14,13%-дан 53%-ға, екінші кезеңде – 54%-ға дейін жоғарылады,жөндеушілер саны қосымша жүктеу мүмкіндігімен 4 адамнан 3 адамға дейін азайды (кейіннен өндіріс көлемдері артқан кездерде қосымша жұмыстар түрлері тартыла бастаған бір оператор босады), ТО-2 жөндеудің өзіндік құны 40%-ға, ТО-2 жүргізу уақыты – 60 минутқа дейін азайды. Дизель отынын құю уақыты (1 тонна) – 3 минутқа дейін қысқарды.

«5S жүйесі бойынша жұмыс орындарын тиімді ұйымдастыру» жобасын іске асырудың нәтижесінде жұмыс операцияларын орындау үшін оңтайлы жағдайлар жасалды, тәртіпті, тазалықты, ұқыптылықты сақтауға арналған жүйе құрылды, жайлы психологиялық ахуал жасалды, жұмыс кеңістігінің шегінде заттарды іздеу уақытын азайтудың есебінен еңбек өнімділігі жоғарылады.

«Кәсіпорында үнемді LEAN өндірісін енгізу» жобасының нәтижесінде барлық қызметкерлердің өндірістегі шығындарды айқындау және жою процесіне тартылды. Компанияда 14 презентация өткізілді, «Ең үздік презентация», «Жұмыс процесіндегі қиындықтарды анықтау және оларды шешу жолдары», «5S жүйесі бойынша ең үздік жұмыс орны» конкурстарында жеңімпаздар атанды, номинанттар марапатталды және мадақталды.

«Хосин Канри (Hoshin Kanri)»  жобасын жүзеге асырудың нәтижесінде қызметкерлер жұмыс міндеттерінің компания стратегияларымен өзара байланысын түсінді, орта буын менеджерімен қатынас ықшамдалды. Жұмыс тобы өндірістік процеске тікелей әсер ететін және сәйкесінше жұмыс тиімділігін арттыратын, тұтынушылармен өзара әрекеттесу сапасын жақсартатын ең маңызды 9 көрсеткішті анықтады. Өндірістік процестердің тиімділігі 9,8%-ға жоғарылап, ал алдағы уақыттағы арту әлеуеті – 28% құрады.

«Вагондарды берудің және алып тастаудың төлем құжаттарын құру процесінің тиімділігін арттыру» жобасын іске асырудың нәтижесінде еңбек сыйымдылығы бойынша жалпы үнем – 7,05% (жылына 138,18 сағат) құрадыОсы уақыт бухгалтерге операциялық қызметті оңтайландыру және процестерді стандарттау бойынша іс-шараларды орындауға бағытталған қосымша опцияларды жүктеуге ұтымды бағытталған. Экономикалық тиімділік 38,52% құрады.

ИННОВАЦИЯЛАР

Біз жұмыс процестерімізде техникалық жаңа үлгілердің қолданылуының маңыздылығын жоғары бағалаймыз және біздің инновациялық күн тәртібімізге келесі мәселелерді қосамыз

Диспетчерлік қызметтерді автоматтандыру

Біз диспетчерлік процестерімізді:
а) локомотивтерімізді GPS қадағалау және қашықтан жылдамдығын басқару;
б) локомотив операторларымен жетілдірілген байланыс жүйесін орнату;
в) локомотивтерді бейнебақылау және біздің инфрақұрылымымыздың барлық объектілерінде бейнебақылау жүйелерін орнатудың көмегімен ойдағыдай автоматтандырдық.

Цифрлық инновациялар

Біз вагондарды жеткізуді логистикалық жоспарлауды оңтайландыруға мүмкіндік беретін жасанды зияты бар бағдарламалық жүйені әзірлеу үстіндеміз.

Локомотивы. Мы сотрудничаем с локомотивными заводами и посещаем международные технические выставки, чтобы ознакомиться с последними разработками в области производства локомотивов. Это позволяет нам выбирать оптимальные модели в рамках инвестиционного плана расширения парка.

Ақпараттық технологиялар

Біз процестерімізді цифрландыру және киберқауіпсіздік тәуекелдерін басқару үшін ІТ-жүйелерімізге үнемі инвестиция бөліп тұрамыз.