Вагондарды беру-алып тастау/локомотивтік тарту қызметтері
ASTRA негізгі қызмет түрлерінің бірі – темір жол станцияларынан жүкті түсіру/тиеу орнына дейін вагондарды беру және артынан өз локомотивымен станцияға жүкті түсіргеннен/тиегеннен кейін осы вагонды қайтару/алып тастау. Біздің қызметтеріміздің тұтынушылары – Астана қ. аумақтық ауданының шекарасында орналасқан 200-ден астам тармақ иелері болып табылатын компаниялар.
Жүкті түсіру (тиеу) шебін жүк алушы (жүк жөнелтуші) өз бетінше белгілейді және Астана қаласының өнеркәсіптік аймағындағы кез келген ыңғайлы темір жол қатынас жолын (тұйық жолды) таңдай алады. Astana Railways-ке тиесілі меншікті жолдар мен жүк түсіру шептеріне вагондар жүк алушының (жүк жөнелтушінің) өтінімі бойынша беріледі. Егер темір жол қатынас жолы мен жүк түсіру шебінің иесі басқа заңды тұлға болса, вагонды осы жолға беру осы жолдың иесімен келісілген өтінімі бойынша жүзеге асырылады.
Вагондарды беру-алып тастау жұмыстарын үйлестіріп, тасымалдарды жүзеге асыру үшін өз меншікті диспетчерлік қызметі бар, ол Астана және Сороковая станцияларының диспетчерлік қызметтерімен өзара әрекеттеседі. Вагондарды беру мен алып тастау жұмыстары тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Қолданылатын локомотивтердің техникалық жәй-күйін үздіксіз бақылау орындалады.

БІЗДІН БІРЕГЕЙ
ИННОВАЦИЯЛЫК
ЖYЙЕЛЕРІМІЗ
ЦИФРЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР
Біз жасанды санаға ие арнайы бағдарламалық жүйені әзірлеу үстіндеміз, ол жоспарлау процестерін және пойыздар қозғалысын басқаруды, сонымен қатар вагондарды беріп-алып тастауды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ GPS МОНИТОРИНГ
Заманауи автоматтандырылған GPS бақылау жүйелері және процестерді бейне тіркеу қолданылады. Локомотивтер мониторингі онлайн режимінде тәулік бойы жүргізіледі.
IT-ЖҮЙЕЛЕР
Біз жұмыс процестерін цифрландыру және киберқауіпсіздік тәуекелдерін басқару үшін біздің ІТ-жүйелерімізге үнемі инвестициялар жасап отырамыз.
ЛОКОМОТИВТЕР
Біз локомотив зауыттарымен ынтымақтаса әрекет етеміз және локомотивтер өндірісі саласындағы соңғы өңдемелермен танысу үшін халықаралық техникалық көрмелерге барамыз. Бұл бізге паркті кеңейтудің инвестициялық жоспары шеңберінде оңтайлы үлгілерді таңдауға мүмкіндік береді.